Қанат Исламның келесі кездесуі 17 ақпанда өтеді

Қанат Исламның келесі кездесуі 17 ақпанда өтеді
Фото: facebook.com

Кәсіпқой бокста Қазақстанның намысын абыроймен қорғап жүрген отандасымыз Қанат Ислам келесі кездесуін 17 ақпан күні Нюьарка қаласында өткізеді. Бұл туралы vesti.kz тілшісіне «Nelsons Promotion» промоутерлік компаниясының Қазақстандағы өкілі Нұрғазы Ісмағамбетов айтты.

- Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы келесі кездесуін 17-ақпан күні Нью-Джерси штатындағы Ньюарка қаласында өтеді. Рой Джонстың қатысуымен өтетін бокс кешінде Ислам 10 раундтық жекпе-жек өткізеді. Бірақ, бұл кеште Қанат чемпиондық атағын қорғамайды. Отандасымыз чемпиондық атағын тек Қазақстанда қорғаймын деп отыр. Қарсыласының кім болатынын алдағы уақытта хабарлаймыз. Қанат Ислам қазір АҚШ-та. Нельсон Лопездің қол астында жаттығу жұмыстарына кірісіп кетті» - дейді Ісмағамбетов.

Айта кетейік, бұған дейін америкалық басылымдарда Қанат Исламның келесі кездесуін Сауль Альвареспен өткізуі мүмкін деген қауесет шыққан еді. Бірақ мұндай ақпаратты ресейлік бокс маманы Александр Беленький өтірік деп айтса, ал оның әріптесі Григорий Стангрит аталған жекпе-жектің өтуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы өзінің соңғы жекпе-жегін 29 қазан күні Алматыда өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша ганалық Патрик Аллотейден басым түскен еді.

Ө. Сансызбай