Қазақстан ұлттық құрамасы Кипрмен жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан ұлттық құрамасы Кипрмен жолдастық кездесу өткізеді
Фото: kff.kz, sportsffa.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Кипр құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты хабарлады.

- Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы 20-24 наурыз аралығында Никосия (Кипр) қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Оқу-жаттығу жиыны аясында Кипр құрамасымен жолдастық матч өткізу жоспарланған. Ойын 22 наурыз күні Никосия қаласындағы "GSP" стадионында өтеді, - делінген ресми хабарламада.

Кипрмен өткен ойыннан кейін араға 4 күн сала Қазақстан құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Армениямен ойнайды. Кездесу Ереванда өтеді.

Айта кетейік, әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы 2016 жылы топтық кезеңде 4 ойын өткізіп үлгерді. 2 ұпай жинап, топта соңғы орында келеді. 

Ө. Сансызбай