Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / «Астана» футболшысы Испанияның «Валенсия» клубына ауысты

«Астана» футболшысы Испанияның «Валенсия» клубына ауысты

«Астана» футболшысы Испанияның «Валенсия» клубына ауысты

«Астана» футбол клубының сербиялық легионері Неманья Максимович Испанияның «Валенсия» клубына ауысты. Бұл туралы «Cadena SER» басылымына сілтеме жасап «vesti.kz» сайты хабарлады.

Бейресми деректер бойынша футболшы 2021 жылға дейін келісімшартқа қол қойған. Егер командада сәтті өнер көрсетіп жатса, тағы бір маусымға келісімін ұзартатын болады. Осыған дейін жартылай қорғаушы үшін испан клубы 300 000 евро төлейтіні хабарланған еді.

Неманья Максимовичтің өзі де қыста клуб ауыстыратынын жасырмаған-ды. «Астана» командасы жолын бөгемейтініне үмітті болатын. Елордалық ұжыммен арадағы келісімшарт алдағы жазда аяқталатын еді.

Жартылай қорғаушы «Астана» футбол клубында 2015 жылдың ақпан айынан бастап ойнап келеді. Екі маусым ішінде ірі жетістіктерге қол жеткізді. Екі рет ел чемпионы атанды. Ел кубогын жеңіп алды. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады.

Өткен маусымда футболшы Сербия жастар құрамасы сапында әлем чемпионы атанды. Ал биыл ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын өткізді.

Неманья Максимович премьер-лигада 54 ойын өткізді. 9 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, Неманья Максимович Қазақстан премьер-лигасынан Испания ла лигасына ауысқан алғашқы футболшы.

Фото: vesti.kz
Қосылған күні: 09 қаңтар 2017, 09:47

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->