«Барыс» Астанада «Сочиден» ойсырай ұтылды

«Барыс» Астанада «Сочиден» ойсырай ұтылды
Фото: vk.com (Барыс)

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын «Барыс» Астанада Ресейдің «Сочи» командасынан ойсырай ұтылды. Эдуард Занковец жаттықтыратын қазақстандық клуб қарсыластарына 4:0 есебімен есе жіберді.

Бірінші тайм аяқталар тұста «Сочи» командасы алға шықты. Видеоқайталаудан кейін төрешілер Иван Захачуктың шайбасын есепке алды. Ал екінші таймда ресейлік команда тәуекелге барып, қақпашыны ойыншыға алмастырды. Нәтижесінде Алексей Пепляев «Барыс» қақпасына екінші шайбаны соқты.

47 минутта «Сочи» командасының хоккейшілері мұз айдындағы ойыншы басымдығын пайдаланып «Барыс» қақпасына үшінші шайбаны соқты. Бұл жолы Андрей Костицын шеберлігін танытты. Ал 56 минутта Юрий Александров ашық қақпаға шайба соғып, командасына жарқын жеңіс сыйлады.

«Барыс» маусымда 23-ші рет жеңілді. Үш ойынға созылған жеңісті кездесулеріне нүкте қойылды. 68 ұпаймен Шығыс конференцияда 6-орында келеді.

Елордалық ұжым келесі ойынын 8 қаңтар күні Астанада Нижний Новгородтың «Торпедо» командасына қарсы өткізеді. Астана уақытымен сағат 17:00-де басталатын кездесуді «KazSport» арнасы тікелей эфирде көрсететін болады. 

Ө. Сансызбай