«Барыс» Астанада Мәскеудің «Спартак» командасын ұтты

О Сансызбай Корреспондент
«Барыс» Астанада Мәскеудің «Спартак» командасын ұтты
Фото ©️ vk.com (ХК Барыс)

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын «Барыс» Астанада Мәскеудің «Спартак» командасын ұтты. Эдуард Занковец жаттықтыратын қазақстандық клуб қарсыластарынан 3:0 есебімен басым түсті.

БӨЛІСУ

Елордалық ұжым қарсыластар қақпасына үш кезеңде үш шайба соқты. 6 минутта Кори Тривино «Барысты» алға шығарса, 32 минутта Найджел Доус екінші шайбаны соқты. Ал үшінші шайбаны ойынның аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Дастин Бойд ашық қақпаға соқты. Нәтижесінде «Барыс» 45 ойыннан кейін 68 ұпай жинап, Шығыс конференция кестесінде 6-орынға тұрақтады.

Елордалық клуб келесі ойынын 6 қаңтар күні Астанада «Сочи» командасына қарсы өткізеді.

«Барыс» — «Спартак» 3:0 (1:0, 1:0, 1:0)

Шайбалар:
1:0 — 05:53 Тривино (Пушкарёв). Тең құрамда
2:0 — 31:42 Доус (Боченски, Сен-Пьер). Ойыншы басымдығында
3:0 — 59:43 Бойд (Доус). Тең құрамда, ашық қақпаға  

«Барыс»: Пулен — Семёнов-Даллмэн, Доус-Боченски-Бойд; Щалапов-Баркер, Шиннимин-Сен-Пьер-Панюков; Савченко, Худяков-Кучин-Иванов; Трясунов, Гренц-Белгібаев-Пушкарёв, Тривино;

«Спартак»: Свенссон — Шилрой-Бондарев, Радил-Стэплтон-Стоа; Провольнев-Калинин, Мирнов-Васильев-Глазачев; Кириллов-Сорокин, Лещенко-Воронин-Шмелёв; Бобров-Потапов-Ли, Толпеко.

Айып уақыты: 14:6 (4:0, 8:6, 2:0)

Бас төреші: Александр Сергеев, Сергей Кулаков

Қапталдағы төрешілер: Алексей Михель, Евгений Стрельцов