2017 жылы Головкинмен жұдырықтасу Альварестің жоспарында бар

2017 жылы Головкинмен жұдырықтасу Альварестің жоспарында бар

Мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль (Канело) Альварес 2017 жылы отандасымыз Геннадий Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін. Бұл туралы «vesti.kz» сайты ESPN тілшісі Салварадо Санчестің мәліметіне сілтеме жасап хабарлады.

2017 жылы "Канело" жалпы үш жекпе-жек өткізгісі келеді. Оның бірі – отандасы Хулио Сезар Чавес болса, екіншісі – Геннадий Головкин екен. Сондай-ақ пуэрторикалық Мигель Коттомен де жұдырықтасқысы келеді екен. Сонымен қатар, ол Хулио Сезар Чавестің орнына ұлыбританиялық Билли Джо Сондерсті таңдауы мүмкін. Себебі мексикалық боксшы таяуда орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуге міндетті үміткер атанған болатын. Қазақстандық боксшымен қыркүйек айында жұдырықтасуы мүмкін.

Айта кетейік, бокссүйер қауым Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жекті 2016 жылы күткен еді. Алайда мексикалық боксшы «WBC» чемпиондық белбеуін қорғау үшін қазақстандық боксшымен жұдырықтасудан бас тартты. Нәтижесінде отандасымыз жекпе-жексіз чемпиондық атаққа ие болған еді.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты