«Барыс» ҚХЛ көшбасшысын ұтты

«Барыс» ҚХЛ көшбасшысын ұтты
Фото: vk.com

Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында көш бастап келе жатқан Магнитогорскінің «Металлург» командасын ұтты. Нәтижесінде 62 ұпаймен 7-орынға көтерілді.

Эдуард Занковец жаттықтыратын елордалық ұжым Астанада қарсыластарынан 5:3 есебімен басым түсті. «Барыс» бар басымдықты бірінші кезеңде байқатып шықты. Қонақтар қақпасына төрт шайбаны да бірінші кезеңде соқты. Найджел Доус үш шайба соғып, хет-трик жасаса, Никита Иванов бір шайбаның авторы атанды.

Екінші және үшінші кезеңде «Металлург» хоккейшілері есепті бір шайбаға дейін қысқарта алды. Ойын соңында таразы басын теңестіруге ұмтылған қонақтар қақпашысының орнына алтыншы ойыншыны мұз айдынға шығарды. «Барыс» қарсыластардың қателігін сәтті пайдаланып, қарымта шабуылда Дастин Бойд ашық қақпаға бесінші шайбаны соқты.

«Барыс» келесі ойынын 28 желтоқсан күні Астанада Омбының «Авангард» клубына қарсы өткізеді.

«Барыс» — «Металлург» Магнитогорск 5:3 (4:0, 0:2, 1:1)

Шайбалар:

1:0 — 00:59 Доус (Бойд). Тең құрамда
2:0 — 05:47 Доус (Сен-Пьер, Даллмэн). Ойыншы басымдығында
3:0 — 16:07 Иванов (Худяков). Тең құрамда
4:0 — 19:13 Доус (Сен-Пьер). Ойыншы басымдығында
4:1 — 24:40 Мозякин (Зарипов, Ли). Ойыншы басымдығында
4:2 — 26:33 Филиппи (Береглазов, Осала). Ойыншы басымдығында
4:3 — 40:30 Тимкин. Тең құрамда
5:3 — 59:59 Пушкарёв. Тең құрамда, ашық қақпаға

«Барыс»: Пулен — Семёнов-Даллмэн, Доус-Бойд-Пушкарёв; Савченко-Липин, Худяков-Кучин-Иванов; Шалапов-Баркер, Рымарев-Сен-Пьер-Панюков; Трясунов, Никулин-Гренц-Бельгибаев, Тривино;

«Металлург» Магнитогорск: Кошечкин — Бирюков-Антипин, Заприпов-Мозякин-Коварж; Береглазов-Ли, Сёмин-Сантала-Осала; Хабаров-Терещенко, Филиппи-Тимкин-Косов; Будкин, Платонов-Железков-Казионов Ден, Казионов Дм. 

Айып уақыты: 10:12 (2:8, 6:2, 2:2)
Бас төреші: Николай Акузовский, Александр Соин

Ө. Сансызбай