Жанат Жақиянов чемпиондық атаққа таласады

Жанат Жақиянов чемпиондық атаққа таласады
Фото: izdatelstvo-sk.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, жеңіл салмақта «WBA» нұсқасы бойынша уақытша чемпиондық белбеудің иегері Жанат Жақиянов 10 ақпан күні Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының «суперчемпион» атағына таласады. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады.

33 жастағы қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 2015 жылдың қараша айында өткізген. Одан бергі аралықта отандасымыз жарақатына байланысты шаршы алаңға шыққан жоқ. Араға бір жарым жылға жуық уақыт салып, чемпиондық атаққа таласқалы отыр.

«WBA» нұсқасындағы «суперчемпиондық» үшін Жанат Жақиянов америкалық Роуши Уорренмен жұдырықтасады. Ол 15 кездесуінің 14-де жеңіске жеткен. Жанат Роуши арасындағы 12 раундқа жоспарланған жекпе-жек АҚШ жерінде өтеді.

Жанат Жақиянов кәсіпқой бокста 28 жекпе-жек өткізген 26 мәрте қарсыласынан басым түссе, біреуінде ғана есе жіберген. Отандасымыз бір жыл бойы жарақатына байланысты жекпе-жек өткізе алмағанына қарамастан «WBA» рейтингіндегі өз орнын сақтап қалды. 

Ө. Сансызбай