Қазақстан ФИФА рейтингінде жылды жүздікте қорытындылады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан ФИФА рейтингінде жылды жүздікте қорытындылады
Фото ©️ 24.kz

Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтары одағының (ФИФА) жаңарған рейтингінде 98-орыннан көрініп, жылды жүздікте қорытындылады. Желтоқсан айында ойын өткізбеген команда бір орынға төмен сырғыған.

БӨЛІСУ

Ұлттық құрама 2016 жылы ФИФА рейтингінде жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Шілдеде 2001 жылдан бері алғаш рет жүздікке кірсе, қыркүйек айында 83-орынға дейін жоғарылап, жеке рекордын жаңартты.

Желтоқсан айындағы жаңарған рейтингтің алғашқы ондығында өзгерістер орын алмаған. Аргентина құрамасы көш басында болса, екінші орында Бразилия келеді. Үштікті Германия құрамасы түйіндеп тұр.

Жаңа рейтингтегі ең төменгі нәтижені Куба құрамасы көрсетіп отыр. Олар 26 саты төмендеп, 151-ші орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Руанда құрамасы еншіледі. Олар 9 орын алға жылжып, 92-ші орынға табан тіреген. Жалпы желтоқсан айындағы ойындар нәтижесі бойынша жаңарған рейтингте аса көп өзгерістер орын алмаған.