Алматыда дзюдодан жаттықтырушыларға арналған техникалық семинар өтті

О Сансызбай Корреспондент
Алматыда дзюдодан жаттықтырушыларға арналған техникалық семинар өтті
Фото ©️ massaget.kz

Алматыдағы Дзюдо академиясында  ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында  ұйымдастырылған жаттықтырушыларға арналған  техникалық семинар аяқталды. Семинар Халықаралық  Олимпиада комитетінің талаптарына сәйкес Қазақстан Ұлттық Олимпиада Комитеті мен Қазақстан Дзюдо Федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды.

БӨЛІСУ

14-19 желтоқсан күндері семинарды Австриядан келген IJF өкілі Дани Джордж ағылшын тілінде өткізді.

Семинардың мақсаты – дзюдоны насихаттау және бұл спорт түрін елімізде дамыту, бапкерлердің жалпы ұстанымдарына, біліктіліктерін арттыруға және коучинг тәжірибесін нығайту болатын.  

Семинарға  Қазақстанның барлық спорт мектептері (балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері, спорт шеберлерінің орта мектептері, ұлттық командаларды бекітетін кеңес), соның ішінде жаңа жүйеге қызығушылық танытқан барлық жаттықтырушылар қатысты.

Жаттықтырушылар үшін маңызы ерекше семинарға барлығы 60-тан астам маман қатысып, теорияны практикамен ұштастырды. Курс нәтижесі бойынша қатысушылар Олимпиадалық ынтымақтастық сертификаттарымен марапатталды.