Спорттан екі жылға шеттетілген қазақстандық зілтемірші Азия кубогында топ жарды

О Сансызбай Корреспондент
Спорттан екі жылға шеттетілген қазақстандық зілтемірші Азия кубогында топ жарды
Фото ©️ vesti.kz

Қазақстандық Александра Аборнева ауыр атлетикадан Катарда өтіп жатқан Азия Кубогында жеңімпаз атанды. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады. 

БӨЛІСУ

75 келіден жоғары салмақта бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрінген отандасымыз қос жаттығу қорытындысы бойынша, ол 241 келіні еңсерді. Жұлқа көтеруде - 105, серпе көтеруде 136 келіні ырқына бағындыра білді. 

30 жастағы қазақстандық спортшы үш рет Азия чемпионаттарының жүлдегері атанған. 2008 және 2011 жылдары қола, ал 2012 жылы күміс жүлдеге ие болды. 2013 жылы Александра Аборнева Азия чемпионы атанды. Алайда допинг салдарынан атағынан айырылып, спорттан екі жылға шеттетілген болатын. Араға екі жыл сала халықаралық жарыста жеңімпаз атанды. 

Айта кетейік, бұл - Қазақстан құрамасының Азия кубогындағы екінші алтын жүлдесі. Осыған дейін 77 келіге дейінгі салмақта Айдар Қазов жеңімпаз атанған еді.