«Реал» клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты (видео)

«Реал» клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты (видео)
Фото: vesti.kz

Мадридтік «Реал» клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты. Жарыс Жапония жерінде өтіп жатыр.

«Корольдік клуб» жартылай финалда Мексиканың «Америка» командасынан басым түсті. Йокогамадағы «Ниссан» стадионында өткен ойында Зиннедин Зидан командасы қарсыластарын 2:0 есебімен ұтты. Ойында Карим Бензема мен Криштиану Роналду гол соқты.

«Реал» финалда Жапонияның «Касима Антлерс» командасымен кездеседі. Үшінші орын үшін «Америка» мен «Атлетико Насьональ» командалары ойын өткізеді. Ойындар 18 желтоқсанға жоспарланған. 

Ө. Сансызбай