«Ақтөбені» Игорь Рахаев жаттықтырады

«Ақтөбені» Игорь Рахаев жаттықтырады
Фото: vk.com

«Ақтөбе» футбол клубына жаңа бас жаттықтырушы келді. Команданы украиналық маман Игорь Рахаев жаттықтырады. Бұл туралы баспасөз қызметі хабарлады.

43 жастағы жаттықтырушы спорттық мансабында жартылай қорғаушы болған. Ал жаттықтырушылық қызметте 2014-2015 жылдары Украинаның «Металлист» командасында қызмет атқарған. 2016 жылдың қаңтар айында «Заря» клубының (Молдова) тізгінін ұстаған. Кейіннен бұл командамен де келісімшарты ұзаққа созылмапты.

Кей бейресми деректер бойынша Игорь Рахаев «Ақтөбеде» айына 3,5 миллион теңге көлемінде жалақы алатын көрінеді.

Айта кетейік, осыған дейін батысқазақстандық ұжымды Петр Бадлоның жаттықтыруы мүмкін екені айтылған еді. Ал команданы жаттықтырып келген ресейлік маман Юрий Уткульбаев маусым соңынан қызметінен кеткен-ді. 

Ө. Сансызбай