Головкин келесі жылы кімдермен жұдырықтасуы мүмкін?

Головкин келесі жылы кімдермен жұдырықтасуы мүмкін?
Фото: istory.kz

Биылғы жылды Геннадий Головкин нәтижелі аяқтады десек те болады. Алайда, келесі жылы да біздің отандасымыз тамаша кездесулер өткізіп табысты болуға ниетті. Генаның промоутері Том Леффлер 2017 жылы біздің батыр кіммен шығатынын тізімдеп көрді.

Сонымен, GGG ең бірінші орта салмақ бойынша әлем чемпионына берілетін WBO титулын иемденуді көздеп отыр. Отандасымыздың көз қадаған боксшысы Хильберто Рамирес болып отыр. Орта салмақта ешкімге дес бермей келе жатқан боксшы Генаға қалау жауап беретінін алдағы уақытта көретін боламыз.  Сондай-ақ Крис Юбенк-кішісі, Билли Джо Сондерс, Хулио Сезар Чавес-кішісі де батырдың нысанасына ілінген екен.

Алғашқы жекпе-жектің кіммен өтетіні әзірге белгісіз. Бірақ та, деңгейі жоғары кездесулер көздің жауын алып, көкейде көпке дейін қалатыны рас.

B. ZHAQSYMBET