"Еуразия барысы" басталды: Қазақ палуандары кімдер?

"Еуразия барысы" басталды: Қазақ палуандары кімдер?
Фото: Sxodim.kz

Бүгін «Алматы Арена» стадионында қазақ күресінен 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Еуразия Барысы» халықаралық турнирі басталды. 

Осымен төртінші рет жалауын көтеріп отырған додаға 8 мемлекеттен балуандар келді. Қазақстан командасы алғашқы айналымда Польша мемлекетінің балуандарымен кездесетін болды.

Осы бәсекеде ел намысын мына балуандар қорғайды:

55 келі: Марат Нығыматұллаев (17.12.1995 ж.т.) - қазақ күресінен екі дүркін Қазақстан чемпионы (2014-2015 ж), самбодан Қазақстан чемпионы, самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Афина, Грекия 2013 ж), дзюдодан жастар арасында Азия Кубогының қола жүлдегері (Қарағанды), «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы (2015 ж). Қазақ күресі және самбодан спорт шебері.

60 келі: Ержан Мағауинов (24.11.1990 ж.т.) - қазақ күресінен ҚР Кубогында үшінші орын (2009 ж. Талдықорған), Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (2011 ж. Қарағанды), Қазақстан Кубогының қола жүлдегері (2011 ж. Шымкент), дзюдодан Чегеев атындағы турнирдің жеңімпазы (2013 ж. Өскемен), дзюдодан Павлодарда өткен турнирдың қола жүлдегері (2014 ж.), ҚР Кубогының жеңімпазы (2014 ж. Семей), ҚР Кубогында бірінші орын алған (2015 ж. Атырау қ.), Қазақстан чемпионатында үшінші орын (2013 ж.), екінші орын алған (2016 ж. Қарағанды). Дзюдо және қазақ күресінен спорт шебері.

66 келі: Бақдәулет Сәбитов (06.04.1992 ж.т.) - самбодан Қазақстан чемпионы (Қарағанды), самбодан Азия чемпионы (2010 ж. Ташкент), дзюдодан Қазақстан чемпионы (2011 ж.), дзюдодан студенттер арасында Қазақстан чемпионы (2011 ж. Алматы), қазақ күресінен Азия чемпионы (Алтай, ҚХР 2015 ж.), дзюдодан Еуропа Кубогында бірінші орын алған (Германия Бремен қ. 2011 ж.), дзюдодан Гран-при турнирінің қола жүлдегері (2013 ж. Алматы), Қазақ күресінен Қазақстан чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2015-2016 жж. Аягөз және Қарағанды). Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдодан спорт шебері.

74 келі: Aйдос Ғалымов - самбодан Азия чемпионы (2011 ж. Ташкент), самбодан үшінші орын алған (2011 ж. Болгария), дзюдодан жастар арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері (2013 ж. Хайнань, Қытай), қазақ күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері (2015 ж. Алтай, Қытай), қазақ күресінен Қазақстан чемпионы (2015, 2016 жж.), дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегері (2013 ж.), «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы (2015 ж. Тараз). Дзюдо, самбо және қазақ күресінен спорт шебері.

82 келі: Дәулет Пахриддинов (20.07.1995 ж.т.) - самбодан Қазақстан чемпионы, самбодан жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері (2015 ж. Рига, Латвия), қазақ күресінен Қазақстан чемпионы (2015-2016 жж.), Бүкіләлемдік көшпенділер Ойындарында қазақ күресінен бірінші орын, қазақ күресінен әлем чемпионы (2016 ж. Қытай), қазақ күресі және самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

90 келі: Айбол Айтбек - (01.10.1992 ж.т.) - самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2010 ж. Болгария), дзюдодан Еуропа Кубогында үшінші орын (2010 ж. Чехия Прага қ.), дзюдодан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (2013 ж. Өскемен), дзюдодан Қазақстан чемпионы (2014 ж. Шымкент), қазақ күресінен Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (2015 ж.)., Аягөз қазақ күресінен Қазақстан чемпионы (2016 ж. Қарағанды), «Қазақстан Барысы» турнирінің қола жүлдегері (2016 ж.), қазақ күресінен әлем чемпионы (ҚХР 2016 ж.), дзюдодан Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (2016 ж. Қызылорда). Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдо және самбодан спорт шебері.

100 келі: Мұхит Тұрсынов (22.04.1988 ж.т.) - қазақ күресінен бес дүркін Қазақстан чемпионы (2007, 2010, 2013, 2014 және 2016 ж), қазақ күресінен Азия чемпионы (Қызылорда қ. 2009 ж), екі дүркін әлем чемпионы (2013 ж. Минск, 2014 ж. Орынбор), қазақ күресінен әлем чемпионатында үшінші орын (Қытай), күрестен жабық ғимараттағы Азия Ойындарының күміс жүлдегері (Ханой, Вьетнам), «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы (2014 ж.), «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы, дзюдо және самбодан спорт шебері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

+ 100 келі: Айбек Нұғымаров (03.06.1987 ж.т.) - қазақ күресінен төрт дүркін әлем чемпионы (2010 ж. Астана, 2013 ж. Минск, Беларусь, 2014 ж. Орынбор, Ресей және 2016 ж. Қытай), Әлем Кубогында бірінші орын (2011 ж. Пуна қ. Үндістан). «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы (2013 ж. Астана). Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Дерек көзі: baq.kz

 

B. ZHAQSYMBET