Қазақстандық дзюдошылар әскерилер арасындағы әлем чемпионатына қатысады

Қазақстандық дзюдошылар әскерилер арасындағы әлем чемпионатына қатысады
Фото: fdk.kz

9-11 желтоқсан күндері Швейцарияда әскерилер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Додаға еліміздің атынан 7 дзюдошы қатысады. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.  

60 келіге дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев, 66 келіде Мейіржан Қалтаев пен Ғұмар Қырғызбаев татами төріне шығады. 73 келіде Елдос Жұмаханов, Ерасыл Сәкенұлы мен Қажымұқан Өтеуілов бақ сынайды. Ал аса ауыр салмақта (+100 келі) Асан Махамбетқұлов ел намысын қорғайды. 

Ө. Сансызбай