Жәнібек Әлімханұлы ел чемпионы атанды

О Сансызбай Корреспондент
Жәнібек Әлімханұлы ел чемпионы атанды
Фото ©️ kfb.kz

Павлодарда өтіп жатқан ел чемпионатында 81 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Жәнібек Әлімханұлы жеңімпаз атанды.

БӨЛІСУ

Рио Олимпиадасына қатысқан Жәнібек Әлімханұлы финалда Ақмола облысынан келген Нұрдәулет Жармановпен жұдырықтасты. Қарсыласына айқын басымдық танытып, үшінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді.

Айта кетейік, бұған дейін 49 келіде Теміртас Жүсіпов, 52 келіде Азамат Исақұлов, 56 келіде Қайрат Ералиев, 60 келіде Әділет Құрметов, 64 келіде Бекдәулет Ибрагимов,  69 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде Әбілхан Аманқұл чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын.