Қазақстан чемпионатының жартылай финалына шыққан боксшылар анықталды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан чемпионатының жартылай финалына шыққан боксшылар анықталды
Фото ©️ kfb.kz

Бокстан Павлодарда өтіп жатқан ел чемпионатының жартылай финалына шыққан барлық салмақтағы боксшылар белгілі болды. Жартылай финалдық жекпе-жектер ертең өтеді. Финал жексенбі күнге жоспарланған.

БӨЛІСУ

20 қараша күні басталған ел чемпионатына Рио Олимпиадасына қатысқан Жәнібек Әлімханұлы, Абылайхан Жүсіпов пен Қайрат Ералиев те қатысуда. Үш боксшы да жартылай финалға шықты. Ал Рио Олимпиадасында жүлделі орыннан көрінген боксшылар Данияр Елеусінов (69 келі), Василий Левит (91 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі) пен Иван Дычко (+91 келі) алдағы жарыстар мен ел біріншілігінен босатылған. Олар төртжылдықтың басты додасынан кейін аздап тынығып алатын болады.

Осыған дейін жаттықтырушы Болат Әбдірахманов Павлодардағы дода қорытындысы бойынша ұлттық құраманың бірнеше құрамы жасақталатынын айтқан еді.

- Павлодардағы ел біріншілігінен кейін (20-27 қараша) халықаралық жарыстарға қатысатын ұлттық құраманың үш құрамын жасақтайтын боламыз. Өз салмағында жеңіске жеткен боксшылар Азия чемпионатына, 2017 жылы Гамбургте өтетін әлем чемпионатына баратын болады, - деген-ді.

Павлодардағы ел чемпионатында Жәнібек Әлімханұлы 81 келіге дейінгі салмақта, Абылайхан Жүсіпов 69 келіге дейінгі салмақта бақ сынауда. Сондай-ақ бокссүйер қауым 56 келіге дейінгі салмақта Қайрат Ералиев пен Ілияс Сүлейменов арасындағы жекпе-жекті асыға күтуде. Олай болса жартылай финалда жұдырықтасатын боксшылармен таныс бола отырыңыздар.

Күндізгі бағдарлама (14:00)

49 келі

Жомарт Ержан - Шалқар Айқынбай
Асхат Жүсіпов - Теміртас Жүсіпов

56 келі

Қайрат Ералиев - Ілияс Сүлейменов
Жанболат Қыдырбаев - Нұрбол Қалжанов

64 келі

Дильмурат Межитов - Қуан Қуатов
Бекдәулет Ибрагимов - Мақсат Жексенбі

75 келі

Абылайхан Аманкүл - Тұрсынбай Құлахметов
Манат Өмірзаков - Ерік Әлжанов

91 келі

Антон Пинчук - Арбек Абдуганиев
Еркін Мұхамеджан - Серік Мұсаділов

Кешкі бағдарлама (18:00)

52 келі

Азат Махметов - Ануар Мұзаппаров
Олжас Байниязов - Азамат Исакуллов

60 келі

Закир Сафиуллин - Мейірболат Тоитов
Әділет Құрметов - Серік Теміржанов

69 келі

Қанағат Маралов - Илья Очкин
Алмасбек Әлібеков - Абылайхан Жүсіпов

81 келі
Жәнібек Әлімханұлы - Вадим Казаков
Нұрдәулет Жарманов - Шаймұрат Құсаинов

+ 91 келі

Қамшыбек Қоңкабаев - Нұрлан Сапарбай
Олжас Бұқаев - Нұржан Бекзатов