Қайрат Ералиев кезекті рет Мұхаммед Әлидің мәнерінде жұдырықтасты (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Қайрат Ералиев кезекті рет Мұхаммед Әлидің мәнерінде жұдырықтасты (видео)
Фото ©️ kfb.kz

Қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев кезекті рет жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді. Павлодарда өтіп жатқан ел чемпионатында боксшы Мұхаммед Әлидің мәнерінде соққылардан жалтара білді.

БӨЛІСУ

56 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын боксшы ел чемпионатының жартылай финалына шықты. Ширек финалда ол Абылай Сайлаубековты 3:0 есебімен ұтты. Шаршы алаңда шеберлігін танытып, аты аңызға айналған Мұхаммед Әлидің мәнерінде соққылардан жалтара да білді. Әсіресе екінші раундта қарсыласын көп қыспаққа алды.

Қайрат Ералиев Рио Олимпиадасында әзірбайжандық Джавид Челебиевпен өткізген жекпе-жегінде Мұхаммед Әлидің мәнерінде соққылардан сытылып шыға біліп, жанкүйерлердің есінде қалған еді.

Боксшы жартылай финалда осы салмақтағы басты қарсыластарының бірі Ілияс Сүлейменовпен қолғап түйістіретін болады.