12 гол соғылған «Боруссия Д» - «Легия» ойынында үш бірдей рекорд жаңарды

О Сансызбай Корреспондент
12 гол соғылған «Боруссия Д» - «Легия» ойынында үш бірдей рекорд жаңарды
Фото ©️ vk.com

Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің V тур ойындарындағы «Боруссия Д» - «Легия» ойынында үш бірдей рекорд жаңарды. Ал бастысы – бұл ойында 12 гол соғылды.

БӨЛІСУ

Бүгін топтық кезеңдегі «Е», «F», «G» және «Н» топтарындағы ойындар өтті. Бес ойынның қорытындысы бойынша плей-офф кезеңіне шыққан тағы бес клуб белгілі болды. Олай болса ойындарға қысқа шолуымызды оқи отырыңыздар.

«Е» тобы

«ЦСКА» (Ресей) – «Байер» (Германия) 1:1

Голдар: Фолланд, 16 (0:1); Натхо, 75 (1:1, пен).

Ескертулер: Акинфеев, 37; Вернблум, 62 – Эрнандес, 72; Хенрихс, 75; Кампль, 77.

Мәскеуде өткен ойында 1:1 есебі тіркелді. Ресейлік клубтың қақпашысы Игорь Акинфеев 42-ойын қатарынан қақпасына гол өткізіп, антирекордын жаңарта түсті. Десе де «ЦСКА» леверкузендік командаға қарсы маусымдағы ең тартысты ойынын көрсете білді. Сондай-ақ, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін сақтап қалды. Ал «Байер» 7 ұпаймен топтағы екінші жолдаманы иеленді.

«Монако» (Франция) – «Тоттенхэм» (Англия) 2:1

Голдар: Сидибе, 48 (1:0). Кейн, 52 - пенальти (1:1). Лемар, 53 (2:1).

Пенальти орындай алмады: Фалькао (М), 11 (қақпашы).

Ескертулер: Дайер, 11. Дембеле, 21. Глик, 51. Фалькао, 57. Триппьер, 84.

Бұл топтан бірінші болып «Монако» плей-оффқа шықты. Команда өз алаңында Лондонның «Тоттенхэм» командасынан басым түсті. Бірінші таймда Радамель Фалкао пенальти орындай алмағанмен, екінші таймда үш бірдей гол соғылды. Алдымен Сидибе «Монаконы» алға шығарса, араға 5 минут сала Хари Кейн пенальтиден таразы басын теңестірді. Дегенмен ағылшындық клубтың тең ойыны 1 минутқа ғана созылды. 53 минутта Лемар алаң иелерін қайта алға шығарды.

 «F» тобы

«Боруссия Д» (Германия) - «Легия» (Польша) 8:4

Голдар: Прийович, 10 (0:1). Кагава, 17 (1:1). Кагава, 18 (2:1). Нури Шахин, 20 (3:1). Прийович, 24 (3:2). Дембеле, 29 (4:2). Ройс, 32 (5:2). Ройс, 52 (6:2). Кухарчик, 57 (6:3). Пасслак, 81 (7:3). Николич, 83 (7:4). Ройс, 90+2 (8:4).

Ескертулер: Оджиджа-Офоэ, 61. Паздан, 63. Гинтер, 88.

«Боруссия Д» - «Легия» ойынында Чемпиондар лигасы тарихында ең көп гол соғылды. Мұндай есеп хоккейде де көп тіркеле бермейді. Осыған дейін ең көп гол соғылған ойын 2003 жылғы «Монако» мен «Депортиво» командалары арасындағы кездесу болып келген еді. Ол ойында 11 гол соғылған болатын. Бұл – бірінші рекорд.

Сондай-ақ, Чемпиондар лигасында алғашқы 25 минутта 5 гол бірінші рет соғылды. Одан өзге бірінші таймдағы голдар саны бойынша (7 гол) да рекорд жаңарды.

«Спортинг» (Португалия) – «Реал Мадрид» (Испания) 1:2

Голдар: Варан, 29 (0:1); Силва, 80 (1:1, пен); Бензема, 87 (1:2).

Ескертулер: Руис, 57; Кэмпбелл, 90; Андре, 90+2 – Марсело, 40; Ковачич, 64.

Алаңнан қуылды: Перейра, 64 

Мадридтік «Реал» Лиссабонда «Спортингті» 2:1 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты. Ал португалдық команда мен «Легия» соңғы турда Еуропа лигасының жолдамасына таласады.

«G» тобы

«Копенгаген» (Дания) – «Порту» (Португалия) 0:0

Ескертулер: Квист, 47; Аугустинсон, 80; Вербич, 90+2 – Силва, 59; Корона, 85; Жота, 87.

Қос команда 0:0 есебімен тең тарқасып, топтан шығу мүмкіндіктерін сақтап қалды. «Копенгагенде» - 6 ұпай, «Портуда» 8 ұпай бар. Екі команда арасындағы бірінші ойында 1:1 есебі тіркелген. Дат командасы келесі ойынын түзде Бельгияның «Брюгге» командасына қарсы, «Порту» өз алаңында «Лестермен» ойнайды.

«Лестер» (Англия) – «Брюгге» (Бельгия) 2:1

Голдар: Окадзаки, 5 (1:0); Марез, 30 (2:0, пен); Искьердо, 52 (2:1)

Ескерту: Цилер, 90 

Чемпиондар лигасы алғаш рет қатысқан ағылшындық «Лестер» топтан еш қиналмай шықты. V турда «Брюггені» ұтты. Ал бельгиялық команда бесінші ойын қатарынан ұтылып, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының плей-офф кезеңінен қалыс қалды.

«Н» тобы

«Севилья» (Испания) - «Ювентус» (Италия) 1:3

Голдар: Пареха, 9 (1:0); Маркизио, 45+2 (1:1, пен); Бонуччи, 84 (1:2); Манджукич, 90+4 (1:3)

Ескертулер: Васкес, 31; Меркадо, 37; Иборра, 90+4 – Манджукич, 25; Хедира, 42; Эвра, 65; Куадрадо, 72

Алаңнан қуылды: Васкес, 36 

V турда туриндік «Ювентус» түзде «Севильяны» жеңіп, топтан бірінші болып шықты. Бірінші болғанда, бірінші болып жолдамаға ие болды. Ал испандық клубта 10 ұпай бар. Соңғы турда сырт алаңда «Лионға» қарсы ойнайды. Француздық команданың еншісінде 7 ұпай тұр. Бірінші ойында 1:0 есебімен «Севилья» ұтқан.

«Динамо Загреб» (Хорватия) – «Лион» (Франция) 0:1

Голдар: Ляказетт, 72 (0:1)

Ескертулер: Гояк, 36; Жонас, 80; Кнежевич, 90+1 – Толиссо, 81

«Лион» түзде «Динамо Загребті» ұтып, Чемпиондар лигасын жалғастыру мүмкіндігін сақтап қалды. Соңғы турда «Севильяға» қарсы жан алысып, жан беріскен ойынын өткізеді. Екі доп басымдығымен жеңіске жетсе, топтағы екінші жолдаманы иеленетін болады. Әзірге еншілерінде Еуропа лигасының жолдамасы бар.