Головкин «WBN» рейтингінде үздік үштіктен шығып қалды

О Сансызбай Корреспондент
Головкин «WBN» рейтингінде үздік үштіктен шығып қалды
Фото ©️ vk.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин  «WorldBoxingNews.com» басылымының жаңарған рейтингінде үздік үштіктен шығып қалды. Отандасымыз бір саты төмендеп, төртінші орынға жайғасты.

БӨЛІСУ

Салмақ дәрежелеріне тәуелсіз рейтингте көш басына америкалық Андре Уорд шықты. Ол 19 қазан күні ресейлік Сергей Ковалевты жеңген еді. Нәтижесінде жартылай ауыр салмақта «WBA Super», «IBF» және «WBO» чемпиондық атақтарын жеңіп алды. Бұл оның 12-орыннан көш басына шығуына себеп болды.

«WBN» рейтингінде екінші орынға филиппиндік Мэнни Пакьяо көтерілді. Ол Джесси Варгасты жеңгенге дейін 9-орында келген еді. Үштікті никарагуалық Роман Гонсалес қорытындылап тұр.

«WBN» рейтингіндегі үздік ондық:

1. Андре Уорд (қаңтар айында 12-орын) 
2. Мэнни Пакьяо (9)
3. Роман Гонсалес (2) 
4. Геннадий Головкин (3)
5. Теренс Кроуфорд (7) 
6. Сергей Ковалев (4) 
7. Сауль Альварес (5) 
8. Гильермо Ригондо (6)
9. Василий Ломаченко (31)
10. Карл Фрэмптон (34)

Айта кетейік, «WBN» рейтингі боксшылардың қарсыласының қауқары, чемпиондық атағы мен бір жыл ішінде өткізген жекпе-жектерінің саны бойынша түзіледі. Көш басына шыққан Андре Уорд биыл 3 жекпе-жек өткізді. Ал Геннадий Головкин 2 кездесумен шектелді.