Анатолий Тимощуктың «Қайратпен» келісімшарты аяқталды

О Сансызбай Корреспондент
Анатолий Тимощуктың «Қайратпен» келісімшарты аяқталды
Фото ©️ vesti.kz

Украиналық жартылай қорғаушы Анатолий Тимощуктың «Қайратпен» келісімшарты аяқталды. Бұл туралы клуб ресми сайтында хабарлады.

БӨЛІСУ

Осыған дейін украиналық легионердің командадан кететіні туралы хабарланған еді. Бүгін команда бұл ақпаратты ресми түрде растады.

- Анатолий Тимощукпен арадағы келісімшарт мерзімі аяқталды.

Украиналық жартылай қорғаушы «Қайратқа» 2015 жылы ауысып келген еді. Ол осы уақыт аралығында өзін жақсы қырынан таныта білді. Әр ойында тәжірибесі мен кәсіби деңгейдегі ойыншы екенін дәлелдей білді. Команда сапында 50 ойын өткізіп, Қазақстан кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

«Қайрат» футбол клубы Анатолий Тимощукқа командадағы ойыны үшін алғыс айтып, алдағы мансабына сәттілік тілейді, - делінген ресми хабарламада.