«Астана» Алматыдағы ақ боранда ҚР кубогын жеңіп алды

О Сансызбай Корреспондент
«Астана» Алматыдағы ақ боранда ҚР кубогын жеңіп алды
Фото ©️ vk.com

«Астана» футбол клубы 2016 жылғы маусымдағы ҚР кубогын жеңіп алды. Алматыдағы ақ боранда өткен ойында елордалық ұжым «Қайратты» 1:0 есебімен ұтты.

БӨЛІСУ

Финалдағы ойынның жоғары деңгейде өтуіне ауа райы көп кедергісін тигізді. Ойыншылар жиі сүрініп, тайғанақтап жүрді. Десе де командалар алға ұмтылып, жиі шабуылдаумен болды. Бірінші таймда қос клуб сақтықпен қимылдап, есепті 0:0 нәтижесімен тең аяқтады.

Екінші тайм басында «Астана» алға шықты. Джуниор Кабананга қақпа алдындағы қарбаласта допты ыңғайына бағындырып, дәл соққы бағыттады. Допты Стас Покатилов қайтара алған жоқ. Қақпа торында тулады. Одан кейінгі аралықта «Қайрат» ойыншылары таразы басын теңестіруге ұмтылғанмен, «Астана» қорғанысы сыр берген жоқ.

«Астана» өз тарихында үшінші рет (2010, 2012) ҚР кубогын жеңіп алды.