Павлодарда бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді

Павлодарда бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді

Бокстан биылғы ел чемпионаты Павлодар қаласында өтеді. 20 қараша күні басталатын жарысқа қызу дайындық жүруде.

Павлодардағы додаға әр өңірдің кіл мықты боксшылары қатысады. Ал Рио Олимпиадасында жүлделі орыннан көрінген боксшылар Данияр Елеусінов (69 келі), Василий Левит (91 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі) пен Иван Дычко (+91 келі) алдағы жарыстар мен ел біріншілігінен босатылған. Олар төртжылдықтың басты додасынан кейін аздап тынығып алатын болады.

Осыған дейін жаттықтырушы Болат Әбдірахманов Павлодардағы дода қорытындысы бойынша ұлттық құраманың бірнеше құрамы жасақталатынын айтқан еді.

- Павлодардағы ел біріншілігінен кейін (20-27 қараша) халықаралық жарыстарға қатысатын ұлттық құраманың үш құрамын жасақтайтын боламыз. Өз салмағында жеңіске жеткен боксшылар Азия чемпионатына, 2017 жылы Гамбургте өтетін әлем чемпионатына баратын болады, - деген-ді.

- Ел чемпионаты Олимпиада жүлдегерлері қатыспаса да тартысты әрі қызықты өтері сөзсіз. Жаңа іріктеу басталғалы тұр. Құрамаға іліккен боксшыларды алда әлем чемпионаты мен Азия біріншілігі күтеді. Сондықтан да боксшылар ұлттық құрама сапына ілігу үшін барын салары анық. Ұлттық құрамадан кеткен боксшылардың орнына кімдер келетінін шаршы алаң шешеді. Бізде кез келген салмақта бәсекелестік жоғары. Мықтыны жарыс көрсетеді – деді ұлттық құрама жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов.

Павлодардағы ел чемпионаты 27 қарашаға дейін жалғасады. Тікелей эфирде «KazSport» арнасы көрсететін болады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты