Моуринью «Атлетиконың» үш бірдей ойыншысына көз қадады

Моуринью «Атлетиконың» үш бірдей ойыншысына көз қадады
Фото: rsport.ru

Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» қысқы ауысым кезінде құрамын күшейтпек. Команданың бас жаттықтырушысы Жозе Моуринью мадридтік «Атлетиконың» үш бірдей ойыншысына қызығушылық танытуда.

Испанияның «AS» порталының хабарлауы бойынша, португалдық маман шабуылшы Антуан Гризманн, қорғаушы Хосе Хименес пен жартылай қорғаушы Янник Карраскоға көз қадаған. Команда басшылығы алдағы уақытта мадридтік командаға өз ұсыныстарын жасап көрмек екен.

Айта кетейік, «қызыл сойқандар» орташа жалақысы ең жоғары командалардың бірі. Манкуниандық клуб бір жылда әр ойыншысына орта есеппен алғанда 6,70 миллион евро жалақы береді.

Ө. Сансызбай