Қазақстан әйелдер құрамасы Ослодағы Олимпиада іріктеуіне қатысады

Қазақстан әйелдер құрамасы Ослодағы Олимпиада іріктеуіне қатысады
Фото: vk.com

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы 2018 жылғы Олимпиадаға іріктеудің екінші кезеңіне қатысады. Бұл кезең - Норвегия елінің астанасы Ослода өтеді. Бүгін отандастарымыздың қарсыластары белгілі болды.

Қазақстан құрамасы Астанадағы бірінші іріктеу кезеңінде Польша, Ұлыбритания және Мексика құрамаларының хоккейші қыздарын ұтты. Нәтижесінде Норвегия елінің астанасы Ослода өтетін екінші іріктеу жарысына қатысуға мүмкіндік алды. Отандастарымыз Скандинавия түбегіндегі сында Словакия, Венгрия және мұз айдын иелеріне (Норвегия) қарсы ойнайтын болады.

Іріктеу кезеңінің шешуші ойындары Ослодағы жарыспен аяқталмайды. Топтан үздік шыққан құрама 2017 жылы кезекті іріктеу сынына қатысады.

Жарыс кестесі:

16.12.2016

Словакия - Қазақстан 20:00 

Венгрия - Норвегия 23:30 

17.12.2016

Словакия - Венгрия 20:00 

Норвегия - Қазақстан 23:30 

18.12.2016 

Қазақстан - Венгрия 19:30 

Норвегия - Словакия 23:00

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан ерлер құрамасы Ослода өткен іріктеу кезеңінен жолдамасыз қайтқан еді.  

Ө. Сансызбай