Қазақстандықтар Дания-Қазақстан ойынын тікелей эфирден көре алады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандықтар Дания-Қазақстан ойынын тікелей эфирден көре алады
Фото ©️ kff.kz

Қазақстандық футболсүйер қауым 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Дания-Қазақстан ойынын «Қазақстан» ұлттық арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Ойын 11 қарашадан 12 қарашаға қараған түні өтеді.

БӨЛІСУ

Қазақстан құрамасы мен Дания арасындағы ойын Копенгагендегі «Паркен» стадионында өтеді. Астана уақытымен түнгі сағат 01:35-те басталады.

Айта кетейік, «Е» тобында бақ сынап жатқан Қазақстан құрамасы осыған дейін Польша және Румыния құрамаларымен тең ойнап, Черногорияға есе жіберіп алған еді. Қорытындысында 2 ұпаймен бесінші орында келеді. Үш ойыннан әлі бірде-бір ұпай алмаған Армения құрамасы көш соңында келеді. Дания болса 3 ұпаймен 4-орында тұр.