Месси "Барселона" сапындағы 500-ші голын соқты

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
Месси "Барселона" сапындағы 500-ші голын соқты
Фото ©️ YouTube.com

Испания чемпионатының кезекті ойындарының бірінде "Севилья" командасы өз алаңында каталондық "Барселона" футбол командасына қарсы өнер көрсетті. Аталған ойын деңгейінен жоғары қарқында өтті. Алаң иелерінен Витоло 15 минутта қарсыластарының қақпасын нысанаға алса, қонақтар сапынан Лионель Месси мен Луис Суарес есепті теңестіріп қана қоймай, жеңісті жұлып әкетті.

БӨЛІСУ

Осы ойында өзінің 500-ші голын соққан аргентиналық сұрмерген Лионель Месси, каталондықтардың тарихындағы ең үздік бомбардир есебінде тіркелді. 

Бірақ бұл жеңістің өзі барселонолықтарға көш бастауға мүмкіндік бермеді. 2 ұпай айырмашылығымен алда келе жатқан мадридтік клуб өткен жылғы қателіктерге бой алдырмауға тырысуда.