Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі Гран-При турниріне қатысады

Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі Гран-При турниріне қатысады
Фото: vk.com

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Мәскеуде өтетін халықаралық «Rostelecom Cup» Гран-При турниріне қатысады. Турнир 4-6 қараша аралығында өтеді.

Мәнерлеп сырғанаудағы Гран-При жарыстары алты кезеңнен тұрады. АҚШ, Канада, Ресей, Франция, Қытай мен Жапония елдерінде өтеді. Қазақстандық спортшы Мәскеудегі доданы таңдапты. Алда тағы бір Гран-При турниріне қатысуға мүмкіндігі бар. Маусым қорытындысы бойынша ең жоғары ұпайға ие болған спортшылар шешуші кезеңде бақ сынайтын болады. Ол кезең биыл Францияның Марсель қаласында өтеді.

Қазақстандық спортсүйер қауым Элизабет Тұрсынбаеваның өнерін «KazSport» арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. 

Жарыс кестесі:

Жұма, 4 қараша

23;25 Әйелдер — қысқа бағдарлама

Сенбі, 5 қараша

22:50 Әйелдер — еркін бағдарлама

Жексенбі, 6 қараша
17:00 Марапаттау рәсімі
18:00 – 20:00 Гала-концерт

Ө. Сансызбай