Жозе бапкер жазаланды

Жозе бапкер жазаланды
Фото: XSPORT.ua

Ағылшын футбол ассоциациясы "Манчестер Юнайтед" футбол клубының бас бапкері Жозе Моуриньюды бір ойыннан шеттетті. Сонымен қатар жаттықтырушы 58 мың фунд стерлинг көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

Премьер лиганың 10-шы тур ойындары кезінде манчестерлік клуб "Бернли" командасына қарсы ойын өткізген болатын. Ойын тең нәтижемен аяқталғанымен Жозе бапкер 90 минут ішінде Марк Клаттенбург есімді арбитрді балағаттап үлгерген екен. Манкуниандықтардың ойынша Джон Фланаган, Маттео Дармианеге қарсы қарсы тәртіп бұзған үшін пенальти болуы керек болатын.  Соның нәтижесінде енді бас бапкер "Суонсиге" қарсы ойынды алаң жиегінен тамашалайтын болады.   

B. ZHAQSYMBET