Головкин 2017 жылы кем дегенде 3 жекпе-жек өткізеді

Головкин 2017 жылы кем дегенде 3 жекпе-жек өткізеді
Фото: vk.com (GGG ресми парақша)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағына ие Геннадий Головкин 2017 жылы кем дегенде 3 жекпе-жек өткізеді.  Бұл туралы боксшының промоутері Том Леффлер хабарлады.

- Біз Даниэл Джейкобспен жекпе-жек өткізудің жолын қарастырып жатырмыз. GGG 2017 жылы кем дегенде 3 жекпе-жек өткізетін болады, - деді Том Леффлер «BoxingNews» сұқбатында.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 2016 жылы 2 кездесу ғана өткізді. Сәуір айында америкалық Доминик Уэйдті жеңсе, қыркүйекте ұлыбританиялық Келл Брукты бесінші раундта ұтып шыққан еді.

Ө. Сансызбай