Алексей Луценко «Хайнань турында» көш бастады

О Сансызбай Корреспондент
Алексей Луценко «Хайнань турында» көш бастады
Фото ©️ vesti.kz

«Астана» кәсіби клубының велошабандозы Алексей Луценко «Хайнань турының» жалпы есебінде көш бастады. Қазақстандық спортшы жарыстың алтыншы кезеңіндегі таулы аймақ сынында үшінші болып келді.

БӨЛІСУ

Велоспортшылар алтыншы кезеңде 197 шақырымды жүріп өтті. Үшінші болып келген отандасымыз жалпы есепте алға шықты. Нәтижесінде «көк жейдені» иеленіп, Азияның үздік велошабандозы атанды.

«Аспан асты елінде» өтіп жатқан жарыс 30 қазан күні аяқталады. Ертең велоспортшылар 127 шақырымға созылатын жетінші кезеңге қатысады.