2017 жылы Сауль Альварес пен Давид Лемье жұдырықтасуы мүмкін

2017 жылы Сауль Альварес пен Давид Лемье жұдырықтасуы мүмкін
Фото: google.kz

Кәсіпқой бокста Геннадий Головкинмен жұдырықтасып жеңілген канадалық Давид Лемье мексикалық Сауль Альвареспен қолғап түйістіруі мүмкін. Бұл туралы vesti.kz сайты жазды.

Сауль Альварес Геннадий Головкиннің жекпе-жек өткізу туралы келісімінен үзілді-кесілді бас тартып жүрген боксшылардың бірі. Қазіргі таңда қиындық қаржы жағында емес, салмақ категориясында болып тұрғанға ұқсайды.

2017 жылы мексикалық боксшымен Давид Лемье жұдырықтасуы мүмкін. Оның менеджері Камиль Эстефанның айтуынша,  канадалық боксшының басты мақсаты Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізу екен.

- Біздің негізгі мақсат  "Канеломен" жұдырықтасу. Мен мұны қайталай берді дерсіздер, бірақ бұл солай. Жекпе-жек 2017 жылы өтеді деп ойлаймын. Біз  Golden Boy-ға жақын қалдық және келіссөздер жүріп жатыр, сондықтан еш кедергі жоқ. Жалғыз шарт - аралық салмақта емес, 160 фунт салмақта, -  дейді Эстефан.

Айта кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин өткен жылдың қазан айында жұдырықтасқан болатын. Отандасымыз канадалықты 8 раундта нокаутпен жеңген еді.

Ө. Сансызбай