Геннадий Головкин биыл шаршы алаңға шықпайды

Геннадий Головкин биыл шаршы алаңға шықпайды

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин 2016 жылды екі жекпе-жекпен қорытындылайтын болды. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады.

GGG жыл соңына дейін «WBA» тұжырымы бойынша чемпиондық белбеу иегері Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) жұдырықтасуы мүмкін екені хабарланған болатын. Алайда қос боксшы арасындағы келіссөздер ұзаққа созылуда. Сол себепті қос боксшының арасындағы жекпе-жек келесі жылдың басына ауыстырылады. Негізінен жекпе-жек осы жылдың 10 желтоқсанында өтеді деп жоспарланған еді.

- Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін Дэниль Джейкобсқа қарсы өткізеді. Оған дейін кездесу өткізу мүмкін емес. Себебі «WBA» оны Джейкобспен қолғап түйістіруге міндеттеді. Геннадий – қазіргі бокстағы ең белсенді чемпион, алайда белгілі бір міндеттемелер қойылған кезде, келіссөздер ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Бұл келіссөз де біз ойлағаннан ұзаққа созылды. 10 желтоқсанға дейін тым аз уақыт қалғандықтан, жекпе-жекті келесі жылға қалдырдық», - дейді Том Леффлер.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 2016 жылы екі жекпе-жек өткізді. Сәуір айында америкалық Доминик Уэйдті жеңсе, қыркүйекте ұлыбританиялық Келл Брукты бесінші раундта ұтып шыққан еді.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Коронавирус жұқтырғанда не істеу керек? – Профессорға сұрақ
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Chevrolet Malibu – әдемі дизайн мен қуатты қозғалтқыштың үйлесімі
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Коронавирусты "өлтіретін" тағамдар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Асылан ТІЛЕГЕН. Жұмбақ қалалар
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Өмірде жоқ жануардың суретімен өзіңізді таныңыз
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты