Алматыда футзалдан УЕФА кубогының элиталық кезеңі өтеді

О Сансызбай Корреспондент
Алматыда футзалдан УЕФА кубогының элиталық кезеңі өтеді
Фото ©️ afckairat.kz

Футзалдан УЕФА кубогының элиталық кезеңінің бірі Алматы қаласында өтеді. Бұл туралы «Қайрат» футзал клубының ресми сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Элиталық кезеңнің ойындары Медеу ауданындағы 3200 жанкүйер сыятын «Халық Аренада» өтеді. Спорт кешені 2017 жылғы Универсиадаға арналып салынып, жақында ғана өз есігін айқара ашқан болатын. Алматыдағы жарыс 22-27 қараша аралығына жоспарланған.

Элиталық кезеңге шыққан 12 команданың жеребе тастау рәсімі 21 қазан күні Швейцарияның Ньон қаласында өтеді. Бұл кезеңнің ойындарын Алматыдан өзге Загреб, Марибор және Лиссабон қалалары да қабылдайды.