«Биік-Қазығұрт» Чемпиондар лигасында «ПСЖ» клубымен ойнайды

О Сансызбай Корреспондент
«Биік-Қазығұрт» Чемпиондар лигасында «ПСЖ» клубымен ойнайды
Фото ©️ sportsffa.kz

Швейцарияның Ньон қаласында қыздар арасында футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы жеребе тартылды. Бұл додада еліміздің намысын қорғайтын Шымкенттің «Биік-Қазығұрт» командасы Париждің «ПСЖ» командасымен ойнайтын болды.

БӨЛІСУ

«Биік-Қазығұрт» 1/16 финалда қос ойынның қорытындысы бойынша (3:1, 1:1) Италияның «Верона» клубын жарыс жолынан шығарған болатын. Алда – «ПСЖ» командасы. Бұл ұжым өткен маусымда Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан. Ал 2014 жылы финалда жеңілген тәжірибелі командалардың бірі.

Қос клуб арасындағы бірінші ойын 9-10 қараша күні Парижде, қарымта ойын бір аптадан кейін Шымкентте өтеді.

Жеребе қорытындысы:

"Барселона" (Испания) - "Твенте" (Голландия)

"Славия" Прага (Чехия) - "Русенгорд" (Швеция)
"Манчестер Сити" (Англия) - "Брондбю" (Дания)
"Брешия" (Италия) - "Фортуна" Йорринг (Дания)
"Лион" (Франция) - "Цюрих" (Швейцария)
"Эскильстуна Юнайтед" (Швеция) - "Вольфсбург" (Германия)
"Бавария" (Германия) - "Россиянка" (Ресей)

Айта кетейік, «Биік-Қазығұрт» қыздар арасында Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шыққан қазақстандық тұңғыш клуб.