Головкин әлемдегі ең қауіпті боксшы атанды

Гүлжанар Берік Корреспондент
Головкин әлемдегі ең қауіпті боксшы атанды
Фото ©️ Today.kz

Round by Round Boxing порталы қарсыластарына қорқыныш ұялататын ең мықты үш боксшыны атады. Рейтинг көшін кәсіпқой бокста 36 жеңіске (33 КО) қол жеткзіп, бірде бір рет жеңілістің дәмін татпаған қазақстандық Геннадий Головкин бастады. Екінші орынға портал журналистері ресейлік боксшы Сергей Ковалевті (30-0-1, 26 КО) лайық көрген. Ал «қорқынышты» боксшылардың үштігін америкалық Теренс Кроуфорд (29-0, 20 КО) тұйықтаған.

БӨЛІСУ

«Орта салмақта WBA, IBO, WBC және IBF белдіктеріне ие Головкин бокс әлемінде ойып тұрып орын алады. Ол өзінің ең қауіпті боксшы екенін және тек үздіктермен ғана жұдырықтасқысы келетінін дәлелдеді. Оның көптеген қарсыласы титулдарынан бас тартып, GGG-мен бетпе-бет келуден қашып жатады», – деп жазған басылым.

Дереккөз: baq.kz