Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің арасындағы жекпе-жек кешіне билеттер бағасы белгілі болды

Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің арасындағы жекпе-жек кешіне билеттер бағасы белгілі болды
Фото: aoboxing.com

Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің арасындағы жекпе-жек кешіне билеттер бағасы белгілі болды.

29 қазан, 18:00-де «Almaty arena» спорт кешенінде өтетін кәсіпқой бокс кешінің билеттері 1000 теңге мен 10 000 теңге арасында болмақ. 10 мың теңгелік билеттер ринг төңірегіндегі орындардың бағасы, ал залдағы билеттер құны 5000-1000 теңгеден сатылмақ.

Қанат Ислам өзінің «WBA fedelatin» чемпиондық белбеуін қоғап, жартылай орта салмақта «WBO intercontinental» тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін ганалық Патрик Аллотеймен жұдырықтасады. Бокс кешінде Жонқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Руслан Мырсатаев, Айдар Шәрібаев, Әли Ахметов өнер көрсетеді. Билеттер zakazbiletov.kz  сайты мен «Алматы арена» кассаларында сатылады. Байланысу үшін  +7 (727) 2 777 666

Дерек көзі:oishogyr.kz

B. ZHAQSYMBET