Румыния УЕФА-ға шағым түсірмек

Румыния УЕФА-ға шағым түсірмек
Фото: vesti.kz

Футболдан Румыния ұлттық құрамасы «Астана Аренаның» жасанды желегі мен Қазақстанға қарсы ойындағы төрешілердің шешіміне қарсы УЕФА-ға шағым түсірмек. Бұл туралы «Digisport» сайтына сілтеме жасап vesti.kz хабарлады.

Румыния футбол қауымдастығының президенті Разван Бурлеану Бухарестегі әуежайдан түскен бойда тілшілерге берген сұқбатында «Астана Аренаның» жасанды желегі мен португалиялық төреші Мануэль Жорже де Соуза бастаған төрешілер қосынының жұмысына көңілдері толмайтынын айтты.

– Меніңше, бұл стадионның желегі футбол ойнауға мүлдем жарамайды. Бұл құрамалар арасындағы ойындар да ғана емес клубтық кездесулерге де қатысты. Осы алаңда гол соға алмаған "Атлетико" мен "Галатасарай" клубтарының ойынына қараңыз.

Сонымен қатар маған қарсылас команданың дөрекі ойыны ұнаған жоқ. Әдейі келіп жарақат алсын деген оймен соққылар жасалып жатты. Біздің бірнеше футболшымыз жарақат алды. Біз УЕФА-ға шағым түсіреміз. Әрине біз, нәтиже өзгереді деп ойламаймыз, бірақ қандай да бір шараның қолданғанын қалаймыз", - деді Румыния футбол федерациясының басшысы Разван Бурлеану.

Осыған дейін Румыния құрамасының бұрынғы қақпашыларының бірі Флорин Пруня отандастарының Астанадағы суық, жасанды желек пен төрешілердің шешіміне қатысты шағымданбауын айтқан болатын.

Айта кетейік, кеше «Астана Аренада» өткен ойында Қазақстан мен Румыния құрамалары 0:0 есебімен тең тарқасқан еді. 

Ө. Сансызбай