Шорт-тректен Қазақстан құрамасы «Нидерланд кубогында» екінші орын алды

О Сансызбай Корреспондент
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы «Нидерланд кубогында» екінші орын алды
Фото ©️ almaty2017.com

Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасы Нидерланд елінің Леуварден қаласында өткен «Нидерланд кубогы» халықаралық додасында күміс жүлдегер атанды. Отандастарымыз бұл сында мұз айдын иелеріне ғана жол беріп алды.

БӨЛІСУ

8-9 қазан аралығында өткен жарысқа 12 команда қатысты. Олардың қатарында Ұлыбритания, Венгрия, Польша, Германия, Латвия, Израиль елдерінің командалары бар. Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжіғалиев, Мерсаид Жақсыбаев, Денис Никиша және Айдар Бекжанов бақ сынайтын Қазақстан құрамасы эстефеталық сында сәтті өнер көрсетті. 7:09,435 нәтижесімен нидерландылықтардан (7:09,355) кейін екінші орын алды. Үшінші орынды да нидерландылық команда (7:09,488) иеленді.

Айта кетейік, шорт-тректен Қазақстан құрамасы Универсиада алдындағы дайындығын Нидерланд елінде өткізуде.