Қазақстандық теннисші әлемнің сегізінші ракеткасын тізе бүктірді

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Қазақстандық теннисші  әлемнің сегізінші ракеткасын тізе бүктірді
Фото ©️ vesti.kz

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Пекинде өтіп жатқан WTA турнирінде испаниялық Карла Суарес Наварроны жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

БӨЛІСУ

Бірінші айналымда қазақстандық теннисші қарсыласын 6:1, 6:3 есебімен жеңді. Бір сағат 12 минутқа созылған кездесуде Шведова бес рет брейк, төрт рет  екі қателік жасады. Испаниялық бір рет брейк-пойнт жасады және допты ойынға қосуда қателікке бой алдырды.

Айта кетейік, 28 жастағы Карла Суарес Наварро Пекиндегі турнирде жетінші ракеткаболған, ал WTA рейтингінде сегінші орында. 29 жастағы Шведова әлемдік рейтингте 41 орынға табан тіреген. Екі тенисшінің кездесуі 3:1 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілген. 

Шведованың келесі қарсыласы швейцариялық теннисші Белинда Бенчич болады. Ол германиялық Анника Бекті 6:3, 6:2. есебімен жеңген.

Дереккөзі: kaz.tengrinews.kz