«Kazakhstan open» гольф турнирі басталды (видео)

«Kazakhstan open» гольф турнирі басталды (видео)
Фото: massaget.kz

Алматы қаласында гольфтен "Kazakhstan Open" турнирі басталды. Әлемнің көптеген елінен келген спортшылар жарыстың алғашқы күнінің өзінде-ақ қарқындары күшті екенін байқатты. Аталған жарыста Нұртай Салдаров, Бауыржан Сарқытбаев, Зият Сейілбеков, Александр Вонгай сынды азаматтар ел намысын қорғайды. Сонымен қатар осының алдында топ жарған чемпиондар да атақтарын еселеу үшін жасыл алаңда атой салуда. 12-ші рет ұйымдастырылып отырған Халықаралық турнирдің бәйге құны 450 000 еуро. Осы жарыста бағы жанған спортшылырға әйгілі "Europen Challenge" ойындарында бақ сынау мүмкіндігі беріледі. "Kazakhstan Open" гольф турнирі 2 қазан күні мәресіне жетеді. Ойынның қалай өткенін мына бейнероликтен көріңіздер.

B. ZHAQSYMBET