Роналдудың ұшағы апатқа ұшырады

Роналдудың ұшағы апатқа ұшырады
Фото: russian.rt.com

Танымал футболшы Криштиану Роналдудың жеке ұшағы Барселонадағы «Эль-Прат» әуежайына қону кезінде апатқа ұшырады. Бұл туралы Испанияның «sport.es» сайты хабарлады.

Әуе кемесінің апаты кезінде футболшы бортта болмаған. Ұшаққа айтарлықтай зиян келгенмен, адамдар зардап шекпеген. Апаттың себебі ұшақ шассиіндегі ақаудың орын алуымен түсіндіріліп отыр.

Айта кетейік, Криштиану Роналду 10 адамға арналған «Gulfstream G200» ұшағын жылдың басында 19 миллион евроға сатып алған болатын.

Ө. Сансызбай