Шөгеннен республикалық турнир аяқталды

О Сансызбай Корреспондент
Шөгеннен республикалық турнир аяқталды
Фото ©️ ҚР шөген федерациясы

Алматы облысы, Талғар ауданының «Almaty Horse and Polo Club» ат спорты кешенінде шөгеннен ұйымдастырылған республикалық турнир мәресіне жетті. Бұл туралы Қазақстан шөген федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Турнирге Ақмола, Алматы, Қарағанды облыстық шөген федерацияларының, сондай-ақ «Әулиеата» шөген клубы мен «Astana Polo Club» командалары қатысты. Ойыншылардың кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында 3 ай көлемінде оқу жаттығулар жүргізілген болатын. Аргентинадан арнайы шақырылған жаттықтырушыдан үйренген ойын әдістері, дағдылар спортшылардың ойын деңгейін көтеріп, ойынның әсерлі де тартысты өтуіне өз септігін тигізді. Осы турнирде Агустин Паласиос төрешілік етті. 3 күнге созылған турнир спортшылардың шеберліктерін шыңдап, нағыз мықтыларды анықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша «Аstana Polo Club» командасы бірінші орынға ие болды. Әулиеата шөген клубы екінші орын алса, үштікті Ақмола облысының шөген федерациясы қорытындылады. Алматы облысының шөген федерациясы 4-ші, Қарағанды облысының шөген федерациясы 5-орын алды.

Айта кетейік, Қазақстан шөген феддерациясы 2012 жылы құрылған болатын. Федерация қазіргі таңда шөгенді қайта жаңғыртып, өркендетіп, дамытып келе жатыр.