Бүгін Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің екінші ойындары басталады

Бүгін Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің екінші ойындары басталады
Фото: allprofootball.ru

Бүгін футболсүйер қауым асыға күткен Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі екінші ойындар басталады. «E», «F», «G» және «H» топтарындағы ойындар өтеді.

Топтық кезеңдегі бүгінгі барлық ойындар Астана уақытымен сағат түнгі 00:45-те басталады. Қазақстандық жанкүйерлер «ОҢ-ТВ» арнасынан бүгін «F» тобындағы «Боруссия Д» - «Реал» ойынын тікелей эфирде тамашалай алады. Сондай-ақ арна «Лестер» мен «Порту» арасындағы кездесудің қайталауын ұсынатын болады. Олай болса, назарларыңызға бүгінгі ойындар кестесін ұсынамыз.

«Е» тобы

«Монако» (Франция) - «Байер» (Германия) 

«ЦСКА» (Ресей) - «Тоттенхэм» (Англия)

«F» тобы

«Боруссия» (Дортмунд, Германия) - «Реал» (Испания)

«Спортинг» (Португалия) - «Легия» (Польша) 

«G» тобы

«Лестер» (Англия) - «Порту» (Португалия) 

«Копенгаген» (Дания) - «Брюгге» (Бельгия)

«H» тобы

«Севилья» (Испания) - «Лион» (Франция) 

«Динамо» (Загреб, Хорватия) - «Ювентус» (Италия)

Ө. Сансызбай