Қазақстан – Румыния кездесуінің билеттері сатылымға шықты

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан – Румыния кездесуінің билеттері сатылымға шықты
Фото ©️ kff.kz

11 қазан күні футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Астанада Румыния құрамасына қарсы кездесу өткізеді. Бүгін сол ойынның билеттері сатылымға шықты.

БӨЛІСУ

Билеттер Қазақстан футбол федерациясы, «Тикетон» және «Vesti.kz» сайттарында онлайн сатылады. Құны 500 теңгені құрап отыр. Сондай-ақ, студенттерге 50 % жеңілдік қарастырылған. Ал зейнеткерлер бұл ойынға тегін кіре алады. Мұндай жеңілдектерді пайдалану үшін студент немесе зейнеткер екеніңізді растайтын құжат болса болғаны. Жеңілдік арқылы берілетін билеттерді «Астана Арена» стадионының кассаларынан ала аласыздар.

Астана уақытымен сағат 22:00-де басталатын ойынға түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Көлік кептелісі орын алмау үшін, арнайы орындардан («Хазірет Сұлтан» мешіті, «Нұр Астана» мешіті, Қ. Мұңайтпасов стадионы, Цирк, «Қазақстан» СК) қоғамдық көліктер қатынайтын болады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Румыниямен өтетін ойынға дейін Черногориямен ойнайды. Сырт алаңдағы бұл кездесу 8 қазанда өтеді.

Екі ойынға шақырту алған ұлттық құрама ойыншылары төмендегідей:

Қақпашылар: С.Покатилов («Қайрат»), С.Отарбаев («Ақтөбе»), А.Бекбаев («Ордабасы»)

Қорғаушылар: Д.Шомко («Астана»), Ю.Логвиненко («Астана»), Г.Суюмбаев («Қайрат»), А.Бейсебеков («Астана»), С.Малый («Астана»), Е.Ахметов («Ертіс»), А.Кислицын («Оқжетпес»), И.Әмірсейітов («Жетісу»), Р.Абдулин («Ордабасы»)

Жартылай қорғаушылар: С.Смақов («Ордабасы»), И.Қуат («Қайрат»), Б.Исламхан («Қайрат»), М.Байжанов («Шахтер»), А.Нұрғалиев («Астана»), С.Мұжықов («Астана»), А.Тағыберген («Астана»), А.Мұхитдинов («Тобыл»), М.Төлебек («Ордабасы»)

Шабуылшылар: С.Хижниченко («Тобыл»), Ж.Молдақараев («Оқжетпес»), Т.Нөсербаев («Астана»), Р.Муртазаев («Ертіс»), А.Нұрыбеков («Шахтер»)

Қосалқы құрам:

Қақпашы: В.Логиновский («Тобыл»)
Қорғаушы: В.Дмитренко («Тобыл»)
Жартылай қорғаушылар: Ж.Қожамберді («Оқжетпес»), А.Таубай («Тараз»), Р.Розыбакиев («Ақжайық»), Э.Әбдрахманов («Ақжайық»)