Қарағандыда Головкин атындағы спорт кешені пайда болады

Қарағандыда Головкин атындағы спорт кешені пайда болады
Фото: inform.kz

Қарағандыда салынып жатқан спорт кешенін атақты спортшы, WBC, WBA, IBF, IBO  тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің есімімен атау ұсынылды.

Қарағанды облысы әкімдігінің хаабарлауынша, бұл ұсынысты облыс әкімінің орынбасары Асылбек Дүйсебаев білдірді. Ол Геннадий Головкинмен бірге құрылыс барысын қарады.

Майқұдықта дене тәрбиесі-сауықтыру орталығы «Спорт нысандарын дамыту» бағдарламасы бойынша салынуда. Кешен, бірінші кезекте халыққа дене тәрбиесі-сауықтыру сабақтарын ұйымдастыруға арналған. Барлық залдар мен секциялар тегін негізде жұмыс істейді», - деп атап өтті облыс әкімдігінде.

Жоба спорт залдарын, бассейн, бокс залы, ауыр атлетика, екі футбол алаңын қамтиды. Кешенді пайдалануға беру спортпен шұғылданатын тұрғындар санын 1500-ге арттыруға ықпал етеді. Нысан 2017 жылы күзде ашылады деп жоспарланған.

Қазір ғимарат ішін әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Аумақ абаттандырылды. Сыртқы жұмыстар аяқталып, екі футбол алаңы салынды.

Дереккөз: inform.kz

Ө. Сансызбай