Мадияр Әшкеев кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді

Мадияр Әшкеев кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді
Фото: vk.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев (6-0, 3KO) спорттық мансабындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында америкалық Мартез Джексонды ұпай айырмасымен жеңді.

6 раундқа жоспарланған жекпе-жекте қазақстандық боксшы қарсыласынан ширақ қимылдап, жойқын соққыларымен ерекшеленді. Нәтижесінде төрешілер бір ауыздан Мадиярды жеңімпаз ретінде таныды.

Мадияр Әшкеевтің қарсыласы атанған америкалық Мартез Джексон кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 2015 жылдың 30 мамырында өткізіп, тең түскен. Ол бүгінге дейін дейін 5 кездесу өткізіп үшеуінде жеңіске жетсе, екі жекпе-жегінде тең түскен екен. 

Айта кетейік, Мадияр Әшкеев соңғы жекпе-жегін 18 тамыз күні америкалық боксшы Ленвод Дойзерге қарсы өткізіп, 4-раундта нокаутпен ұтқан болатын.

Ө. Сансызбай