Қазақстан жастар құрамасының Англия және Норвегияға қарсы құрамы белгілі болды

Қазақстан жастар құрамасының Англия және Норвегияға қарсы құрамы белгілі болды
Фото: zimbio.com

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы 6, 11 қазан күндері Ақтөбе қаласында 2017 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі аясында Англия және Норвегия құрамаларын қабылдайды. Вахид Масудов бастаған Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушылары осы екі ойынға қатысатын футболшылар тізімін жариялады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

ҚақпашыларПавлов Станислав («Ақтөбе»), Караваев Илья («Алтай»), Колбунцов Дмитрий («Алтай»); 

ҚорғаушыларШаихов Берік («Жетісу»), Сартаков Григорий («Ертіс»), Қалмұратов Қуаныш («Қайсар»), Сұлтанов Карам («Қызылжар»), Аслан Рафкат («Тобыл»), Төлиев Мирас («Оқжетпес»), Рудосельский Тимур («Қайрат»), Соколенко Александр («Қызылжар»);

Жартылай қорғаушыларАнтипов Иван («Ақжайық»), Жалмұқан Дидар («Ақтөбе»), Сапаров Алтынбек («Атырау»), Вороговский Ян («Қайрат»), Тұңғышбаев  Еркебұлан  («Ордабасы»), Балтабаев  Ойбек («Мақтаарал»), Әбденәби Әділет («Тараз»);

ШабуылшыларФедин Максим («Атырау»), Сүлей Әлішер («Тараз»), Әлмұрзаев Темірлан («Тобол»), Валиуллин Руслан («Ақжайық»), Айымбетов Абат («Ақтөбе»), Бегімбай Темірлан («Шахтер»).

Негізгі құрам ойыншылар жарақат алып қалған жағдайда қосалқы құрамның ойыншылары шақырту алуы мүмкін: Куксин Антон («Оқжетпес»), Жұмағали Саят («Ақтөбе»), Әділханов Темірлан («Жетісу»), Люхай Рашид («Қайрат»), Хасанов Рамир («Жетісу»), Гладченко Максим («Бәйтерек»), Әбдірахман Бекжан (СДЮШОР №7).

Жаттықтырушылар штабыМасудов Вахид - аға жаттықтырушы, Свечников Игорь - жаттықтырушының көмекшісі, Родионов Николай - қақпашылардың жаттықтырушысы, Айманов Қайрат - жаттықтырушы, Пустовар Петр - дәрігер, Күнходжаев Қайратәлі - массажшы, Мұсабаев Ербол - әкімші, Брейткрейц Александр - менеджер.

Еске сала кетейік, оқу-жаттығу жиыны 2 қазан күні Ақтөбе қаласында басталады. Қазақстан - Англия матчы 6 қазан күні Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтеді. Матч жергілікті уақытпен 20:00-де басталады. Ал, Қазақстан - Норвегия ойыны 11 қазан күні өтеді. Матчтың басталуы - 19:00 (жергілікті уақыт).

Н. Айдархан