Қазақстандық волейболшы қыздар алғаш рет Азия кубогының финалына шықты (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық волейболшы қыздар алғаш рет Азия кубогының финалына шықты (видео)
Фото ©️ vk.com

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Вьетнамда өтіп жатқан Азия кубогының финалына шықты. Отандастарымыз мұндай жетістікке тұңғыш рет қол жеткізіп отыр.

БӨЛІСУ

Вячеслав Шапран жаттықтыратын қазақ волейболшылары жартылай финалда жапон қыздарынан айласын асырды. Бірінші сетте қарсыластарына 25:19 есе жібергенмен, кейінгі үш сетте басымдықтарын байқата білді. Топтық кезеңде жіберген есесін қайтарды.

- Біз топтық кезеңде жеңіліс тапқан жапон қыздарын жартылай финалда жеңу үшін көп күш салдық. Жеңіске жетіп, финалға шыққанымыз үшін қуаныштымыз. Финалда Қытай құрамасына қарсы ойнаймыз. Оларды топтық кезеңде ұтқан болатынбыз. Тағы сол жеңісімізді қайталай аламыз деп айту қиын. Генерал болуды армандамайтын сарбаз жоқ демекші, Қазақстан Азия кубогында жеңіске жетпеген. Сондықтан да финалда сәтті өнер көрсетіп, тарихқа түзету енгізгіміз келеді, - деді Вячеслав Шапран.

Финалдағы Қазақстан мен Қытай арасындағы ойын бүгін өтеді.

Әйелдер арасындағы Азия кубогы. Вьетнам. 

Жартылай финал

Таиланд — Қытай — 2:3 (21:25, 25:23, 25:18, 21:25, 13:15) 

Жапония — Қазақстан — 1:3 (25:19, 11:25, 21:25, 16:25)